Италияның премьер-министрі Қазақстанға келмейтін болды

2966
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/05/6e026246-5569-42f2-b283-5d7029c46e2b.jpeg
Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға келмейтін болды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Айтуынша, Италияда болып жатқан су тасқыны салдарынан Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға келмейді.
"Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқынысалдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони табиғат апатынан зардап шеккен өңірлерге бару үшін Хиросимада өтіп жатқан G7 саммитіне соңына дейін қатыспай, еліне қайтып барады. Келіп түскен мәлімет бойынша Италияның солтүстігінде кем дегенде 40-тан астам елді мекен су астында қалып, 20 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды. Осы себепке байланысты Италия Үкіметі басшысының Астанаға алдын жоспарланған жұмыс сапары болмайды", - деп жазды Руслан Желдібай.
Жазбаға сүйенсек, Италия тарапы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелонидің телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастыруды сұраған көрінеді. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен 22 мамыр күні кесдесу керек еді.
Комментарии