Ақтөбеде тегін дөнер алуға жиналған жастар бірін-бірі таптап кете жаздады

2688
Adyrna.kz Telegram
Ақтөбеде жаңа ашылған дәмхана есебінен тегін дөнерін алуға жиналған жұрттың құлқыны желі қолданушыларының жағасын ұстатты. Кадрлардан олардың "тегін" дүниенің жолында бірін-бірі таптап кетуге дайын тұрғанын байқауға болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Мекеменің кіреберісіне ондаған кәмелетке толмаған бала мен жасөспірімдер жиналды. Кадрдан балалардың кезекте қалай қысылып тұрғанын көруге болады", - деп жазды видео авторы.

Жастардың нөмірін видеодан көрген Талғат есімді желі қолданушысы:

- Ақтөбеде тегін  дөнергеге жиналған жастар. «Малым - жанымның садақасы, жаным - арымның садақасы!», - деп атам қазақ сүйекке жеткізіп айтып кеткен еді. Бір күндік тамақ үшін ар мен намысты жиып қойғандардың ісі ұят, - деп жастардың әрекетін сынға алды.

Бұл жағдай төңірегінде желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды, бірі қолдаса, бірі дүрсе қоя берді:

- Осыны жария жасаған адам жауапқа тартылсын! Не масқара! Жастар жазым болуы мүмкін.

- Бізде тегін беруге болмайды. -50% десе де болатын еді ғой. Тағы да қазақ халқы масқара болды.

- Студенттер аш, оларды оқу орындарында ыстық тамақпен қамтамасыз ету керек.

- Қыздарға не жоқ?

Полицейлер шараны ұйымдастырушылар ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер