Ақтауда оқушыға қол көтерген мұғалім жеңіл жазамен құтылды

3687
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/02/238c0ef2-8b42-452a-8787-f489c5326f98.jpeg
Ақтауда оқушыға дауыс көтеріп, дөрекі сөйлеген мұғалімге сөгіс жарияланды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ақтаудағы №1 мектепте ұстаздың оқушыға дауыс көтеріп сөйлеп жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарағаннан кейін Маңғыстау облыстық Білім басқармасы қызметтік тексеру жүргізді. Видеодағы ер адам математика пәнінің педагогі ретінде 2018 жылдың 8 қаңтарында жұмысқа қабылданған.
Аталған оқиға бойынша жиналыс өтті. Мұғалім кінәсін мойындап, ата-аналардан кешірім сұрады. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 64-бабы 2-тармағына сәйкес мұғалімге «сөгіс», бақылауды әлсіреткені үшін мектеп директорына «ескерту» жарияланды, – деп мәлім етті Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен.
Мұндай жағдайлар қайталанбау үшін өңірдің білім беру ұйымдарына қатаң ескерту жіберілді.
Комментарии