Боран әрі көктайғақ: Қызылжарда қалың қар жауып, тұрғындар сергелдеңге түсті

2250
Adyrna.kz Telegram
Қызылжарда ұйытқыған боран соғып әрі жердің беті қатып, тұрғындар әбден әбігерленді.  Қазірде өңірдің күре жолын тазалауға 23 техника шықты,  19-ы тротуарлардағы қарды күреп жатыр. Үш көлік көктайғаққа қарсы ұнтақ шашуда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

4 қарашадан бері тоқтаусыз жауған қар соңы боранға ұласты. Көктайғақ болып, жолда оннан астам көлік апаты тіркелді.

Қазір Петропавл көшелерінде қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жауған қардың қалыңдығы, шамамен,  7 мм.

- Өкінішке қарай, қолайсыз ауа райына байланысты бір күнде қалада 14 жол-көлік оқиғасы орын алды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір ауа райы бұзылып, көше көктайғақ болып жатыр. Сондықтан қала тұрғындарынан жолда мұқият әрі абай болуды сұраймын, - деді Петропавл қаласының әкімі Руслан Янбаев.

СҚО ПД мәліметтері бойынша, таңғы сағат 8-ден бастап ЖКО бойынша бес өтініш келіп түскен, жол апаты туралы хабарламалар әлі де келіп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер