Қазақстан мен Түрікменстан Президенттері келіссөз жүргізді

2887
Adyrna.kz Telegram
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен алғаш рет келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кездесу алдында Түрікменстан президентін Ақорда резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшысына рапорт беріп, Қазақстан мен Түрікменстанның мемлекеттік әнұрандары орындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды. Бұдан соң екі ел басшылары Шығыс залында шағын құрамда кездесті, делінген Ақорда хабарламасында.

"Түрікменстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет. Біздің тарихымыз бен шекарамыз ортақ. Бізді мәдени-гуманитарлық салалар және экономикалық мүдде секілді көп бағыттар байланыстырады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге, әсіресе, энергетика, көлік және логистика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларына ерекше назар аударылды.

Пікірлер