Тұрақтылық - басты байлығымыз

5192
Adyrna.kz Telegram
Фото: kazpravda.kz
Фото: kazpravda.kz

Жыл басынан бері дүниеде не түрлі оқиғалар болып жатыр. Соның ішінде геосаяси қақтығыстардың кесірі қарапайым жұртқа көп тиюде. Ресейдегі халықтың хәлінен хабардармыз. Әрине, мұндай кезеңде олар өзгеден қолдау күтеді. Саясаттың ісі үшін қарапайым халқының кінәсі жоқ екені аян. Елімізге келіп жатқан ресейліктерге қолдан келгенше қамқорлық жасаған жөн деп білемін.

Қазақ әуелден қонақжай, өзгеге болысып тұратын, аз ғана азығын тартып емес, бөлісіп жейтін ел. Оның дәлелі жетерлік. Бір 20-ғасырдың өзінде қаншама босып келген қаншама ұлтты бауырымызға басып, өсірдік, түлеттік. Өткен ғасырдың қилы кезеңі ешкімді аямады. Қазір мемлекетімізде 100-ден астам ұлт бар. Соның бәрі тату болып, ауызбіршілігінен жаңылмай ғұмыр кешуде. Елдің амандығын, тыныштығын қадірлей білгеніміз дұрыс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл нәрсені жиі айтып жүр. Расымен де, тұрақтылық біздің басты байлығымыз.

Әркіммен араздасқаннан пайда таппаймыз. Ресейліктер қамқорлық жасаған жөн, бірақ қадағалауды да ұмытпау қажет. Көмек көрсету деген сөз бәрін еркіне жіберіп, өзгеге қарағанда артықшылық беру деген емес. Уақытша келгенін, әрі кетсе 3 ай жүре алатынын білеміз. Заңдарымызға бағынып, тәртіпке құлақ асуы тиіс. Сақтықты ұмытпаған абзал, әйтпесе ортада небір арандатушылар бар. Жалған ақпаратты жұртқа жайып, жапа шектіруі мүмкін. Сондықтан бұл бағытта азаматтардың қауіпсіздігіне баса назар аударып, елді сабыр мен ақылға шақырған дұрыс. Еліміз алда маңызды кезеңдерден өткелі тұр. Халықтың ауызбіршілігі, тұтастығын жоғалтпауы тұтас мүддемізге айналуы керек. Халық пен билік үндестік табуы тиіс. Осы тұрғыдан қарағанда, ұлттық мемлекет құру жолында басынан сан-сапалақ қиындықтарды өткізіп, осы күнге жеткенҚазақстан сияқты көп ұлт өкілдері тұратын қазіргі тәуелсіз жұртымыздың болашағын бағдарлап, бағытымызды анықтауда бейбітшіліктің орны ерекше.

Фаузия Оразбаева, профессор

             

Пікірлер