Халықтың медициналық сауаттылығын тексеруге 20 млн теңге кетпек

838

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықтың медицина саласындағы сауаттылығын зерттеуге 20 миллион теңге жұмсауға дайын, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. 

Telegram-дағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» арнасы таратқан ақпаратқа қарағанда, қызмет көрсетуші әзірлеген сауалнама медициналық тақырыптар бойынша кемінде 30 сұрақты қамтуы тиіс. Сонымен қатар,  HLS-EU-Q стандартты халықаралық сауалнамасына (European Health Literacy Survey Questionnaire) негізделуі тиіс. Онда медициналық қызметтердің қолжетімділігі, емделушінің дәрігер жазып берген нұсқауы мен рецепттерін түсінуі және азаматтың денсаулық сақтау саласымен өзара әрекеттесуінің басқа да нюанстары туралы 47 сұрақ қамтылған.

Зерттеуді бір жыл ішінде Қазақстанның бес қаласында өткізу жоспарлануда:

  •  Нұр-Сұлтан және Шымкент – әрқайсысында 700 респондент;
  •  Алматы – 800;
  •  Өскемен және Ақтөбе – әрқайсысында 400 адам.

Осы үш қаланың кез-келген жасы 18-ден асқан тұрғыны қатыса алады. Сауалнамаға жалпы саны үш мың адам қатысуы тиіс.

Арнайы дайындалған алты интервьюер медициналық статистика әдістеріне жүгіне отырып, жиналған ақпаратты талдайды. Соның негізінде мектептер мен жоғары оқу орындарында медициналық сауаттылығын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Тапсырысты орындайтын компания зерттеу есептерін 10 желтоқсанға дейін тапсыруы керек.

Жарияланған конкурсқа әзірге өтініш түспеген.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket