ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықтың медицина саласындағы сауаттылығын зерттеуге 20 миллион теңге жұмсауға дайын, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Telegram-дағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» арнасы таратқан ақпаратқа қарағанда, қызмет көрсетуші әзірлеген сауалнама медициналық тақырыптар бойынша кемінде 30 сұрақты қамтуы тиіс. Сонымен қатар, HLS-EU-Q стандартты халықаралық сауалнамасына (European Health Literacy Survey Questionnaire) негізделуі тиіс. Онда медициналық қызметтердің қолжетімділігі, емделушінің дәрігер жазып берген нұсқауы мен рецепттерін түсінуі және азаматтың денсаулық сақтау саласымен өзара әрекеттесуінің басқа да нюанстары туралы 47 сұрақ қамтылған.
Зерттеуді бір жыл ішінде Қазақстанның бес қаласында өткізу жоспарлануда:
- Нұр-Сұлтан және Шымкент – әрқайсысында 700 респондент;
- Алматы – 800;
- Өскемен және Ақтөбе – әрқайсысында 400 адам.
“Адырна” ұлттық порталы