Ресеймен соғыста Зеленский қазақстандық жауынгерді ерлігі үшін марапаттады

4715
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/08/6fe6af23-00fd-42b1-b579-c627a074f6aa.jpeg
Украина Президентінің 25 сәуірдегі жарлығымен қазақстандық ерікті Жасұлан Дүйсембин үшінші дәрежелі «Ерлігі үшін» орденімен марапатталды. Бұл туралы Арман Шораев фейсбук парақшасына жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Жасұлан - 30 жаста, Қостанай облысының тумасы. Ол Ресей әскері басып кіргелі бері Донецк облысындағы Украина Қарулы күштерінің қатарында, Азов полкінің құрамында соғысуда. Айта кетелік, маусым айының басында Нұр-Сұлтан қалалық ҰҚК департаменті Украинада соғысып жатқан қазақстандыққа қарсы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған болатын. ҰҚК қазақстандықтың аты-жөнін және қай тарапта соғысып жатқанын жариялаған жоқ. Алайда, қазіргі таңда есімі елге белгілі жалғыз қазақстандық еріктінің Жасұлан Дүйсембин екені анықталды.

“Адырна” ұлттық порталы 

Комментарии