Оралда және Атырауда діни профилактикалық жұмыстар жүргізілді

2426
Adyrna.kz Telegram

Дін мәселелері жөніндегі республикалық топ Батыс Қазақстан облысында және Атырау облысында діни профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Ағымдағы жылдың 14-19 мамыры аралығында Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Батыс Қазақстан облысында бірқатар шараларды өткізді.

Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының құрамына білікті теологтар, дінтанушылар, психологтар, мемлекеттік органдардың және мемлекеттік емес органдардың өкілдері енген.

Түсіндіру тобының мүшелері өз күш-жігерлерін атаулы жұмыстарға бағыттады. Аталған жұмыс аясында деструктивті діни ағымдарды ұстанатын азаматтармен арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түсіндіру шараларымен Орал қаласы, Ақжайық, Бөрлі, Жаңғала, Сырым және Теректі аудандарының тұрғындары қамтыды.

Топтың теологтары Мұқан Исахан, Ершат Оңғаров пен Төлеген Талдыбаев облыстың елді мекендерінде сенушілермен кездесулер ұйымдастырыды. Сондай-ақ РАТТ мүшелері радикалды діни көзқарасты ұстанатын сотталғандармен және облыстың түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандармен жекелеген әңгімелер жүргізді.

Діншіл қауыммен кездесулерде теолог Ершат Оңғаров өз сөзінде: «Еліміздің келешегі - ауызбіршілікте, руxани тұтастықта. Соны әрбіріміз сезініп, бағалап және оны дамытуға өз үлесімізді қосуымыз қажет» деп баса айтты.

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Ақбөпе Телігенова, Толғанай Мұстафина, Зейнет Үсенова, Әлия Төлегенова және Гүлжамилә Ахметова облыстағы діншіл әйелдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Әйелдер жамағатының өкілдерімен коммуникативті және кәсіби дағдыларды жетілдіруге бағытталған психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.

Бекітілген кесте бойынша Дін мәселелері жөніндегі республикалық топ Батыс Қазақстан облысына ағымдағы жылдың екінші жартысында қайта баруды жоспарлап отыр.

Ағымдағы жылдың 21-25 мамыр күндері аралығында Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Атырау облысында болды.

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының құрамында білікті теологтар, дінтанушылар, психологтар, мемлекеттік органдар және мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері жұмыс істеді.

Профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында деструктивті діни ағымдарды ұстанатын адамдармен атаулы жұмыстар жүргізуге айрықша көңіл бөлінді.

Теологтар Ершат Оңғаров, Мұқан Исахан және Төлеген Талдыбаевтар Жылыой ауданы Құлсары қаласының діни себептер бойынша жалпы білім беретін мекемелерге бармай жүрген балаларының ата-аналарымен жеке әңгімелер ұйымдастырды.

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Ахметова Гүлжәмилә, Нұрғалиева Динара және Мұстафина Толғанай жас балаларын ектіруден бас тартқан, деструктивті діни ағымдарды ұстанатын әйелдермен кездесті.

Сондай-ақ облыстың түзеу мекемелерінде діни экстремизм және терроризм үшін сотталған адамдармен кездесулер болды.

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы жұмысының аясында әйел жамағаты өкілдерімен, әйелдердің коммуникативтік және кәсіптік білім-білігін арттыруға бағытталған психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.

Жалпы профилактикалық және жеке кездесулер өткізу барысында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері дін саласын реттейтін заңнамаларға енгізілген түзетулер мен өзгерістерді түсіндіруге барынша назар аударды.


"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер