Конституциялық түзетулер бойынша Навигация. Мемлекеттік Хатшының Мақаласы

2898
Adyrna.kz Telegram

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциямызға енгізілетін герістер мен толықтырулар жобасы бойынша биылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин ата заңға енгізілетін өзгерістер қоғамның қалауынан шыққан және ел мүддесі үшін жасалып жатқан маңызды қадам екенін баса айтты.

Әр енгізілетін өзгеріс өзара байланысты екенін айтып, үдеріс барысын тізіп шықты:

“Суперпрезиденттік бас­қару үлгісі­нен президенттік респуб­ликаға түбегейлі көшу;

Бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу;
Парламенттің рөлін күшей­тіп, мәртебесін арттыру;

Елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту;

Азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру”.

Конституцияға өзгерістер мен толқулар енгізу туралы қаулы 6 мамыр күні жарияланған болатын.

Ерлан Қариннің айтуынша, Конституцияның қазіргі және жаңа нұсқаларының айыр­машы­лығын түсіну, ұсынылып отырған көптеген түзетудің байыбына бару мұндай істен хабары аз адам үшін қиындық туғызатыны анық.

Суперпрезиденттік басқару үл­гісінен президенттік респуб­ликаға түбегейлі көшу маңыздылығын айта кетті.

43 бабқа тағы да 3 тармақ қосылатынын атап өтті.

“Ата Заңымыздың 43-бабына 3-тар­мақ қосылады. Онда Қазақ­стан Рес­пуб­ли­касының Прези­денті өз өкілеттік­терін жүзеге асыру кезеңінде саяси партия­да бол­мауға тиіс деп көрсетіледі. Осы логи­каға сәйкес Конституция­лық Сот­тың, Жоғар­­ғы Соттың және өзге де сот­тар­дың төр­аға­лары мен судья­ларына, Орта­лық сайлау ко­­мис­­­сиясының, Жоғары ауди­тор­лық па­ла­тасының төрағалары мен мүшелері­не де осындай тыйым салынады (Конститу­ция­ның 23-бабы 2-тармағының жаңа редакциясы). Соның нәтижесінде саяси бәсеке артып, барлық саяси партияны дамытуға бірдей жағдай қалыптасады, дербес әрі әділ шешім қабылдауға жол ашылады.
Мемлекет басшысы барлық азамат­қа тең мүмкіндік берілуі­нің мызғы­мас кепілі болуға тиіс. Сол себепті Консти­туцияның 43-бабына 4-тармақ қосылады. Онда «Президенттің жақын туыс­тары мемлекеттік саяси қыз­метші­лердің, квази­мемлекеттік сектор субъектілері басшы­ларының қызметтерін атқаруға қақысы жоқ» деп көрсетіледі”,- деді Қарин.

Айтпақтай, Тұңғыш Пре­зи­денттің мәртебесі мен өкілет­тіктері Конс­титуциямен және конс­титу­циялық заңмен айқында­ла­тыны туралы 46-баптың 4-тармағы Ата Заңнан алынатынын жеткізді.

“Конституцияның 91-бабынан Тұңғыш Прези­денттің тәуелсіз Қазақстанның негі­зін салушы деген мәртебесі туралы нор­ма алынып тасталады (Конституция­ның 91-бабы 2-тармағының жаңа редакциясы)”,- Ерлан Қарин.

Сондай-ақ, бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу туралы сөз қозғап, сенаттағы президент квотасының саны 15-тен, 10 депутатқа азаятынын да жеткізді.

“Конституциялық Соттың құрамы мы­на­дай тәсілмен жасақ­тала­ды: 6 судьяны Пар­ламент (Мәжі­ліс пен Сенаттың әр­қай­сы­сы 3 судьядан), 4 судьяны Пре­зидент тағайындайды. Консти­ту­ция­­лық Сот­тың төрағасын жоға­ры­­да айтыл­ған­дай Сенат­тың келісі­мі­мен Президент таға­­­йын­­дайды (Конс­титуцияның 57-бабы 1) тар­мақшасының, 58-бабы 3-тар­мағы 7-тармақшасының және 71-бабының жаңа редакциясы)”- деді.

«Мемлекеттік хатшы» инс­титуты «Мемлекеттік кеңесші» инс­титуты болып өзгереді (Конс­титуцияның 44-бабы 19-тар­мақшасының жаңа редакциясы). Ол Мемлекет басшысына ұсы­ныстар мен ұсынымдар әзір­леумен айналысады”.

Парламенттің рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыру туралы да сөз қозғады. Парламент палаталарының дәрежесін айтарлықтай өсіру келесі кезектегі жүзеге асырылатын іс екенін ескертті.

Қазақстан халқы Ассам­б­леясының Мәжілістегі кво­тасы Сенатқа берілетінін де жеткізді.

“Мәжілістің құзыреті кеңейіп, рес­публикалық бюджеттің ат­қарылу сапасына парламенттік бақылау күшейеді. Ол үшін, бұған дейін айтқанымыздай, Респуб­ликалық бюджеттің атқарылуын бақы­лау жөніндегі есеп комитеті Жо­ғары аудиторлық палата болып қайта құры­лады. Оның төрағасы жылына екі рет Мәжіліс депутаттарының ал­дын­да есеп береді (Конституцияның 53-бабы 2-тармақшасының жаңа редакция­сы, 56-бабы 1-тармағының 3-1) жаңа тар­мақ­шасы). Бұл Мәжі­лістің және жалпы Парла­менттің мәртебесін одан әрі күшейте түседі.
Саяси жүйеде тепе-теңдік және теже­мелік тетіктерді нығайту және заң шығару жұ­мы­сын оң­тайландыру мақ­сатында Мәжі­ліске заңдарды қабыл­­дау (бұрын заң жобаларын қара­ған және мақұлдаған), ал Сенатқа заң­дарды мақұлдау не мақұл­дамау (бұрын заңдарды қабылдаған) құзы­реті бері­леді (Конституцияның 61-бабы 4 және 5-тар­мақтарының және 62-бабы 5-тар­мағының жаңа редакциясы).

Парламент конституциялық заңдарды Палаталардың бірлескен отырысында, кемінде екі оқы­лым­да қабылдайтын болады (Конс­титуцияның 53-бабының жаңа редакциясы)”,- деді ол.

Елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту

Негізгі Заңда жер және жер қойнауы, су, өсімдіктер мен жан­уарлар дүниесі, басқа да таби­ғи ресурстар халыққа тиесілі екені жайындағы норма нақты және кесімді түрде бекітілген. Мен­шік құқығын халықтың атынан мемлекет жүзеге асырады (Конс­титуцияның 1-бабы 2-тар­мағының жаңа редакциясы).

Жоғарыда айтылғандай, Мәжі­ліс депутаттарын аралас сайлау жүйесімен: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағында пропорционалды жүйе бойынша, сондай-ақ бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайлау ұсынылады (Конституцияның 50-бабы 3-тармағының және 51-бабы 1-тармағының жаңа редакциясы). Сондай-ақ бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Мәжі­ліс депутаттарының мандатын кері қайтарып алу мүмкіндігі пайда болады (Конституцияның 52-бабы 5-тармағының жаңа редакциясы).

Облыстардың, республикалық маңы­зы бар қалалардың және астананың әкім­дерін Прези­дент өңірдің (қаланың) мәс­ли­хат­тарының барлық депутаттың келі­сі­мімен және баламалы негіз­де (кемін­де екі кандидатура ұсыны­лады) тағайын­дайтын болады (Конституцияның 87-бабы 4-тармағының жаңа редакциясы). Осылайша, белгілі бір өңірдің дамуына жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару ісіне берілетін кепілдік нығая түседі.

Азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру

Жоғарыда баяндағанымыздай, Конс­ти­туциялық Кеңес Консти­туция­­лық Сот болып қайта құры­лады. Конституциялық Сот аза­мат­тардың өтініштері бойынша олардың Конституцияда бекі­тіл­ген құқықтары мен бостан­дық­тарына тікелей қатысты Қазақ­стан Республикасының нор­­мативтік-құқықтық актілерінің Рес­пуб­­лика Конституциясына сәйкес­тігін қарай­тын болады (Конс­титуцияның 71-74-бап­тарының жаңа редакциясы).

Өлім жазасын жою туралы шешім конституциялық дең­гейде түпкілікті бекі­тіледі (Конс­титу­цияның 15-бабы 2-тар­­мағының жаңа редакциясы).

Прокуратураның құзыреті, оның жасақ­талуы мен қызмет тәртібі Конс­титуциялық заңмен белгіленеді (Конс­титуцияның 83-бабы 4-тармағының жаңа редакциясы). Бұл құқық қорғау қызметінің жүйелі жұмыс істеуін және заңда белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын қада­ғалауды күшейтуге тиіс.

Конституцияның жаңа 83-1-бабы­ның нормалары Адам құқық­­тары жөнін­дегі уәкілге иммунитет береді. Ол азамат­тардың құқығы мен бостандығын қорғау кезінде қандай да бір өзге мем­лекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға тәуелді болмайды, ешкімге есеп бермейді. Ол өз жұмысында Конституциялық Сот­қа жүгіне алады. Адам құ­қық­тары жөніндегі уәкілдің құқық­тық мәртебесі мен қызметін ұйым­дастыру Конституциялық заң арқылы айқындалады.

Осылайша, конституциялық реформа азаматтардың елді басқару ісіне қатысу мүм­кіндігін арттырады және саяси үдеріс­терді шын мәнінде демократияландырады деп толық сеніммен айта аламыз”,- деп қорытынылады Ерлан Қарин.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер