20 жылдан соң. Көп сыналған Air Astana бас директоры қызметінен кетеді

1512
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7rXJzREuwpa9xKvcL8g1iN8mp1R0pfcZd6L1XVNU.jpg

«Air Astana» әуе компаниясының бас директоры Питер Фостер 2026 жылдың наурыз айында қызметінен кетеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Питер Фостер компаниямен байланысын үзбей, директорлар кеңесінің аға кеңесшісі ретінде өз қызметін жалғастырады. Компанияның қаржы директоры Ибрахим Джанлиел Air Astana-ның жаңа бас директоры болып тағайындалады»,– делінген ресми хабарламада. 

Директорлар кеңесі Питер Фостердің компанияны басқарудағы 20 жылдық еңбегін жоғары бағалап, алғыс айтты.

Питер Фостер – Ұлыбритания азаматы, 1960 жылы туған. Ол авиация саласындағы тәжірибелі маман ретінде танымал. Фостер еңбек жолын 1982 жылы Cathay Pacific Airways Ltd компаниясында бастаған, онда Гонконг, Азия, Австралия және Еуропада түрлі басқарушы қызметтер атқарған. 1999 жылы Philippine Airlines Inc. компаниясына кеңесші ретінде шақырылған. 2002-2005 жылдары Royal Brunei Airlines әуе компаниясының бас атқарушы директоры болған.

2005 жылдан бері «Air Astana» әуе компаниясының президенті және бас атқарушы директоры қызметін атқарады.

Еске салайық, бұған дейін депутат Еділ Жаңбыршин Air Astana әуекомпаниясының жұмысын сынға алып, бас атқарушы директор Питер Фостерге шүйліккен еді.

댓글
기타 기사