Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның көмекшісі оның неліктен Мәжіліс отырысына қатыспағанын айтты, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
"Депутаттың еңбек демалысында екенін растаймын, өйткені ПТР сараптамасының нәтижесі оң. Ол Қазақстанда", - деді Жанна Ермекова.
5 қаңтарда өткен Мәжіліс отырысына да Дариға Назарбаева қатысқан жоқ.
Бұған дейін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын.
"Адырна" ұлттық порталы