Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Депутаттар Әлихан Смайыловтың кандидатурасын талқылап, премьер-министр болуға Смайыловты лайықты деп таныды.
5 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды. Премьер-министрдің міндеті уақытша Әлихан Смайыловқа жүктелді.