Путин: Жеріміз үлкен, халқымыз азайып барады (ВИДЕО)

2727
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 23 желтоқсанда Владимир Путин үлкен баспасөз мәслихатын өткізді. Онда Ресей Президенті журналистердің сұрақтарына жауап берді. Биылғы жылы шараға ресейлік және шетелдік БАҚ-тың 500 өкілі қатысты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Баспасөз мәслихатында В.Путин Ресей Федерациясының халқы азайып, жыл өткен сайын елде өлім-жітім көбейіп бара жатқанын айтты.

— Бізде ең басты мәселе — демография. Жеріміз үлкен, халқымыз азайып барады. Бүгінгі еліміздегі 146 миллион тұрғын осындай ұлан-ғайыр далаға аздық етеді. Тіпті, елімізде жұмысшы саны жетіспейді, — деді Ресейдің Президенті.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер