25 метрлік жаңа жыл символын жағу рәсімі бүгін, яғни 19 желтоқсанда өтеді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Еліміздің жаңа жылдық бас шыршасы дәстүрлі түрде ЭКСПО көрмесінің аумағында орналасқан. Бүгін, 19 желтоқсанда кешкі сағат 19.00-де ЭКСПО көрмесінің аумағында "Нұр Әлем" сферасының жанында еліміздің бас жаңа жылдық шыршасын жағу рәсімі өтеді.
Іс-шараның ресми бөлімінен кейін қонақтар үшін мерекелік концерт өтеді. Сахнада танымал эстрада орындаушылары мен елорданың жас музыканттары өнер көрсетеді.
Олардың арасында - Маржан Арапбаева, әнші Дос, Ринат Малцагов бар. Бұл жаңа жылдың басты кейіпкерлері - Аяз Ата мен Ақшақар да қатысады.
"Адырна" ұлттық порталы.