№3 Қалалық аурухананың материалдық техникалық базасы заманауи аппаратпен толықты

3082
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қалалық №3 ауруханасында Алматы мен Қарағанды қалаларынан келген жетекші хирургтардың қатысуымен алғаш рет лапароскопиялық әдіспен ота жасалды.

Германиялық «Карл Шторц» заманауи медициналық жабдықтар өндіретін компанияның адамның ішкі ағзасына тілік жасамай ота жасауға мүмкіндік беретін аппаратымен бір науқасқа екі бірдей ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша лапароскопиялық тәсіл арқылы грыжасы мен өтін алдыртқан науқастың қазіргі кезде жағдайы жақсы. Ол екі-үш күн ішінде аяққа тұрып кете алады,- дейді.

Осы бағытта арнайы білім алып, тәжірибе алмасып келген аурухана дәрігерлері алдағы уақытта лапароскопиялық әдіспен бүйрек, бауыр ауруларының көптеген түрін емдеуді жоспарлап отыр.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер