Тәуелсіздік қарсаңында Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің 96% басқару жүйесі енгізілді

1249
Adyrna.kz Telegram

«Бір үй - бір бірлестік - бір шот» қағидасы бойынша тұрғын үйді басқару жүйесі туралы сөз айтылды.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов:

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің бірлестіктері немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформаны іске асыруымыз керек.

«Бір үй - бір бірлестік - бір шот» қағидасы бойынша тұрғын үйді басқару жүйесін таңдау болып табылады. Бүгінгі таңда, Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің 96% басқару жүйесі енгізілді. Бекітілген Жол картаға сәйкес жыл соңына дейін 100% жеткізу көзделуде. Келесі сала – тұрғын үй құрылысы.

Биылғы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1,6 млн.ш.м. құрайтын 14 551 пәтерлі 275 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Жоспар бойынша биылғы жылы 6 503 пәтерлі 114 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы пайдалануға беріледі.

Сонымен бірге, баспана кезегінде тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде 400 млн.теңгеге тұрғын үй сертификаттарын беру қарастырылды».

Пікірлер