Шымкентте 3000-нан аса адам ревакцинацияланды

1998
Adyrna.kz Telegram

Жыл басынан бері 36 523 жағдай тіркелді. Оның 28 306-ы симптомды, 8 217 симптомсыз. Өткен тәулікте 1 адам анықталды.

Бүгінде I компонентпен 587 407 адамға, ІІ компонентпен 551 947 адамға вакцинациялау жасалған. Ал «Phizer» вакцинасының I компонентпен 7 892, ІІ компонентпен 241 адам екпе салдырды. Қала тұрғындарына вакцинаның үшінші дозасын енгізу 22 қарашада басталды. Соңғы мәліметке сүйенсек, 3 170 адам ревакцинацияланды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда 96 адам стационарда емделуде. Карантин режимінде отырғандар жоқ. Соңғы 14 күнде «COVID-19» жұқтырған науқастармен қатынаста болған 246 азамат амбулаторлық бақылауда.

Айта кетейік, тұрғындарды вакцинациялауды ұйымдастыру үшін 45 егу бекеттері бар. Одан бөлек, 25 жылжымалы егу бекеттері бар.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер