ШЫМКЕНТ: ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

1024
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 36 303 науқас анықталды. Емделіп шыққан науқастар саны – 34 955. Қазіргі таңда 309 науқас емделуде. Стационарда 181 науқас жатыр, 128 науқас үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдауда. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 20 жағдайы тіркелген.

Бүгінде қалада 733 төсек-орын жасақталып тұр. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты 25 тамыздан бастап қалада 3 057 төсек-орын жабылды.

Қазіргі таңда төсек-орын толымдылығы 24% құраса, 545 төсек орын бос тұр. Жансақтау бөлімінде 166 төсек орын бар, онда 33 азамат ем қабылдауда, 133 төсек-орын бос. Толымдылығы – 19%.

Қалада 45 екпе нысаны бар. Екпенің І компонентімен 564 518 адам, ІІ компонентпен - 531 671 адам егілді.

Бүгінгі күнге дейін вакцинамен тиісті контингенттің І компонентімен 94,7% (596205 адам), ІІ компонентпен 89,2% вакцинацияланды. Алдыңғы жоспар (536 000) бойынша 100% орындалған.

Коронавирустық инфекцияға қарсы "Pfizer-BioNTech" (Комирнати) вакцинасымен 96437 тиісті контингентті вакцинациялау жоспарлануда. Олар 15-40 апта аралығындағы жүкті әйелдер (8740 әйел) мен 12-17 жастағы жасөспірімдер (87697 бала).

Сондай-ақ, қосымша 16314 бала емізетін әйелдерді вакцинациялау жоспарлануда. Қазіргі таңда Шымкент қаласына «Pfizer-BioNTech» вакцинасының 46 800 дозасы келді. Қараша айының 11-нен бастап 12 мен 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті және бала емізетін әйелдердің «Pfizer-BioNTech» вакцинасымен егу басталып кетті және бүгінге дейін Phizer вакцинасының I компонентті 395 адамға егілді.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер