ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН «ШЫМКЕНТ ӨНІМДЕРІ» КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

1300
Adyrna.kz Telegram

Көрме орталығында 17-19 қараша аралығында «Шымкент өнімдері» атты көрме өтеді.

Көрменің басты мақсаты – өткізу нарықтарын кеңейту мақсатында қала тұрғындарын, ұйымдары мен мекемелерін жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен кеңінен таныстыру.

Іскерлік байланыстарды орнату үшін әлеуетті тұтынушылар шақырылды: мердігерлер және жобалық ұйымдары, қонақ үй және мейрамхана бизнесінің өкілдері, сауда және дистрибьюторлық компаниялар, жергілікті атқарушы органдар және ведомстволық бағынысты ұйымдар.

Экспозицияда тамақ, жеңіл, машина жасау, фармацевтика, химия, жиһаз өнеркәсібі және құрылыс материалдарын шығаратын 90-нан астам кәсіпорын ұсынылады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер