Жириновский: Ресей толық басып алып, біздің туымыз желбіреп тұрмақ

10644
Adyrna.kz Telegram

Ресей Украинаны толық басып алады. Бұл туралы ЛДПР басшысы Владимир Жириновский «Комсомольская правда» радиосына берен сұхбатта айтты. 

«Олар онда отырып, ойланғанша, біз өзімізге қажет Украинаның барлық аумағын басып аламыз. Барлығы қолын көтеріп, беріледі. Бір ғана сценарий бар, шегіну және Батыстың капитуляциясы. Америка қазірдің өзінде шегінді. Ол толық өз келбетін көрсетеді. Украинаның барлық аумағында Ресей туы желбіреп тұратын болады. Беларусь бізге тіпті жақын бола түспек, ал Балтық елдеріндегі НАТО әскері қаша жөнеледі. Олар соғысып көрмеген», — дейді Жириновский.

Оның ойынша АҚШ әскері соғыспайды, ал өзі соғысқа баруға дайын. Батыс әскери сарапшылары Ресей 2022 жылдың қаңтарында басып кіруі мүмкін деген болжамды айтуда.  

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер