ШҚО-да әйел үш баласын бірнеше күн суық үйде қалдырған

3846
Adyrna.kz Telegram

ШҚО-да үш баласын суық үйге тастап кеткен әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

27 қарашада Бесқарағай аудандық ПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Ж.Мырзекенов “қолайсыз отбасы” санаты бойынша есепте тұрған отбасыларды тексеру барысында үйде қараусыз қалған тоғыз, жеті және үш жастағы кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдыру фактісін анықтаған. Олар пеші бірнеше күн бойы жағылмаған суық үйде отырған.  Анасы үйге мас күйде оралды.

Қазіргі таңда кәмелетке толмаған екі бала “Семей қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы” КММ-ге, ал ең кіші үш жасар бала Семей қаласының балалар үйіне орналастырылды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер