Байқоңырда дәрігер 2,5 млн теңге қаражат жымқырған

2552
Adyrna.kz Telegram

Байқоңырда көпсалалы аурухананың бас дәрігері емдеу мекемесіне тиесілі 2 млн 500 мың теңге қаражатты жымқырған деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «orda.kz-ке» сілтеме жасап.

Қазір дәрігерге қатысты бөтеннің мүлкін иемдену фактісі тексеріліп жатыр.

«2020 жылдың желтоқсан айында Байқоңыр қаласының көпсалалы ауруханасының бас дәрігері қызмет бабын пайдалана отырып, өзіне заңсыз сыйақы есептеу арқылы осы емдеу мекемесіне тиесілі 2 млн 500 мың теңге қаражатты жымқырған» -делінген «Байқоңыр» кешені прокуратурасының хабарламасында.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жасалған әрекеттің барлық мән-жайын анықтауға және «Байқоңыр қаласының көпсалалы ауруханасы» ММ-не келтірілген материалдық шығынды өтеуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Кешен прокуратурасы қылмыстық істің тергелу барысын бақылауға алды.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер