Жанболат Мамай мен оның жұбайына қатысты әкімшілік іс қозғалды

4336
Adyrna.kz Telegram

Тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай өзі мен жұбайы Инга Иманбайға қатысты әкімшілік іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Орда.кз сайтына сілтеме жасап.

Еске салсақ, биыл 13 сәуір күні Мамай мен оның жұбайы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек туралы фильм жариялаған. Заңгер Айжан Тәшенованың айтуынша, олар Байбекті сыбайлас жемқорлық жасады, қызмет бабын асыра пайдаланды деп еш дәлелсіз жария түрде айыптаған. Ал Демократиялық партияның жетекшісі өз әрекеттерін «журналистік зерттеу» деп атаған.

Сот шешімі Бауыржан Байбектің пайдасына шешілген. Алайда, Жанболат Мамай оған қарсы шығып, видео материалды өшіруден бас тартып, айыппұл да төлеген.

Жанболат Мамай мен Инга Иманбай Алматы қалалық Әділет департаментіне шақырылған.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер