Жұма күні баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында Сирияны қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Матч басталмас бұрын ұйымдастырушылар Сирия әнұранының орнына Иранның әнұранын шырқады.
Сирияның жалпы спорт федерациясы FIBA мен Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне шағым түсірді.
Сирия баскетбол федерациясының басшысы Тариф Кутраш Қазақстан тарапына айыппұл салынатынын айтты.
Кездесу 84:74 есебімен қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды.
"Адырна" ұлттық порталы