Қарағандыда жол апатынан 6 айлық сәби көз жұмды

4392
Adyrna.kz Telegram

Қарағандыда екі көлік соқтығысып, 6 айлық нәресте алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жол-көлік оқиғасы Майқұдықта орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, қақтығыс Mercedes-Benz E 220 автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісінің кінәсінен болған. Карл Маркс көшесінің бойымен Лиговская көшесінің қиылысында ол сары бағдаршамға өтіп, Volkswagen Golf-пен соқтығысқан.

Гольф көлігін 24 жастағы жүргізуші басқарған, ал көлікте 25 жастағы жолаушы мен оның алты айлық баласы болған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Караганда | Новости | Дороги (@dorogi_karagandy)

- Факт полицияға тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ДПД баспасөз қызметі.

Жүргізушілер мен жолаушы әйел ауруханаға жатқызылды. Өкінішке қарай, алты айлық сәби алған жарақатынан көз жұмды. 

"Адырна" ұлттық порталы

 
Пікірлер