ЕРБОЛ АЗАНБЕК: Мемлекет утильзациялық алымды қайта қарауы керек!

2331
Adyrna.kz Telegram

Президент кеше Алматыда қаржыгерлермен кездесуде «Мәселе еліміздің қаржы тұрақтылығына төнген тәуекел-қатерде ғана емес. Бұл көптеген азаматтарымыздың қаржы тапшылығымен бетпе-бет келгенін білдіреді. Бұл әлеуметтік және саяси тұрақсыздыққа алып келуі мүмкін» деді 90 күннен асып кеткен кредитке қатысты.

Ашыған нан сияқты көтеріліп жатқан автокөлік бағасы да тура сондай тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін. Армениялық, ресейлік нөмірлі көліктердің мәселесі соның бір көрінісі.

Елдегі автокөлік бағасы жыл басынан бері бірнеше өсті. Әлі де өсіп жатыр. Әлемдік автоөндірістегі проблема әсер етті дегенімен, ішкі мәселе бұған 2 есе үлес қосып отыр.

Автокөліктердің басым бөлігі қоқыс. Бір танысым ақпан айынан бері 15 миллионға Лэнд Крузер, көлемі 4 Прадо іздеген, қазір 20 миллионға іздеп таппай жүр. Зауыттан шыққанына 13 жыл болған, 2008 жылғы Лэнд Крузердің қазіргі бағасы су жаңа кезіндегі бағасынан 2-3 есе қымбат.

Шілде айында орташа жабдықталған, 14,7 млн тұрған Камриді қазір 18 млнға әрең табасыз.

1-2 млнға дұрыс көлік алу мүмкін емес. Еңбекпен тапқан ақшасына құнына сай емес қоқыс алуға мәжбүр болып отыр. Талай адам амалсыз кредит алуға мәжбүр.

Кейбіреу амалсыз АҚШ-тан соғылған көлік алдырып жүр. Мұндайда алаяқтар да көбейеді. Өткенде 40 адам арзан көлік аламыз деп алаяқтарға алданып қалған.

Утильалым т.б авторәсімдеу кезіндегі бағаның қымбаттығының бір себебі шкі автоөндірушілерді қолдау болғанымен меніңше олардың көліктерінің сатылымында мәселе жоқ. Қазіргідей көлік тапшы емес кездің өзінде тапсырыс берсең 3-4 ай күтуге тура келетін. Бұл артығымен сатылып жатыр деген сөз.

Утильалымды т.б сырттан көлік сатып алу кезіндегі қосымша шығынды азайтып, халықтың дұрыс көлік алуына мүмкіндік беру керек. Халықты қинамай, жеңілдетіңіздер.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер