Бүгін қалалық халықты жұмыспен қамту орталығында азаматтарды Ішкі істер министрлігі Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкіне жұмысқа тарту мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті.
50-ден аса ниет білдірген қала тұрғындарына Нұр-Сұлтан қаласынан келген Ішкі істер министрлігі Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің 4-полиция батальоны взвод командирінің орынбасары полиция аға лейтенанты Төлегенов Берік Айтбайұлы жұмысқа қабылдану шарттары мен талаптарын жайлы толық ақпарат беріп, тұрақты жұмысқа орналасуға шақырды.
Толық мәлімет алу үшін байланыс тел:
8702 197 25 51, 8702 520 93 32