Шымкенттік ардагерлер «Домалақ ана» операсын тамашалады

2172
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қалалық опера және балет театры аты аңызға айналған әулие ана – Домалақ анаға арналған операны шаһардың қарт көрермендеріне тарту етті. 1 қазан халықаралық қарттар күніне арналған арнайы қойылымды 200-ге жуық ардагер тамашалады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры және басты рөлді сомдаушы Майра Мұхамедқызының жеке шығармашылық идеясынан туындаған.

Тәуелсіз Қазақстан жылдарында жазылған екінші опера – Т.Жармұқаметтің «Домалақ ана» операсы көпшілік өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Опера осымен 30-шы рет сахналанып отыр. Бұл Қарттар күні қарсаңында шымкенттік қарияларға өнер ұжымы тарапынан көрсетілген аз ғана құрметтің бірі.

Азамат ЖАППАР
ФОТО Серік ҚОСАЕВ

Пікірлер