ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханасында 30 күн бойы ашық есік күні өтеді. Әр аптаның дүйсенбі күні мен жұма күндерінің аралығында сағат 14:00 мен 16:00 арасында ауруханадағы әр түрлі бейінді медицина мамандары тұрғындарды қабылдап, консультация береді.
Айта кетейік, эпидемиялогиялық ахуал тұрақсыз кезеңде қаладағы емдеу мекемелерінің көбісі инфекциялық стационарға айналып, пандемиямен күресте қарқынды жұмыс істеді. Қалада эпидемиялогиялық жағдай қалыпқа түскендіктен, тұрғындарды қабылдауға мүмкіндік пайда болды дейді салаға жауаптылар.
Ағымдағы жылдың 12-ші қазан күні бастау алған шара 20-шы қарашаға дейін жалғасады. Шара аясында әр сала бойынша қызмет көрсететін дәрігерлер келгендерді тегін қарап, кеңес береді.
Ашық есік күні аясында, дүйсенбі күні - травматолог-ортопед, хирург; сейсенбі - оториноларинолог, жақ-бет хирургі, сәрсенбі: уролог, гинеколог бейсенбі: нефролог, терапевт; жұма - нейрохирург, проктолог қабылдайды.