Аналар арасында «Ақ кимешек» байқауы өтті

1821
Adyrna.kz Telegram

Қаратау аудандық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ауданның аналар қауымының арасында «Ақ кимешек-2021» байқауы өткізілді.

Іс-шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының негізінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу, рухани тәрбие жұмыстарын атқаруда ардагерлердің қоғамдағы орны мен рөлін көтеру, жас ұрпақты халықтың салт-дәстүрлерінің негізінде тәрбиелеуге бағытталған.

Байқау барысында ауданның ақ жаулықты аналары ережеге сәйкес түрлі кезеңдер бойынша сынға түсіп, жүлделі орындар мен арнайы номинацияларға ие болды. Іс-шараға ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен тұрғындар сондай-ақ, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Пікірлер