"Қазақфильм" киностудиясы арнайы сыйлықпен марапатталды

2303
Adyrna.kz Telegram

"Қазақфильм" киностудиясы түркі әлемінің кинематографиясына қосқан үлесі үшін арнайы сыйлықпен марапатталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ыстанбұлда өткен Korkut Ata Turkic World Film Festival фестивалінің жабылу салтанатында "Қазақфильм" киностудиясы "Түркі әлемі кинематографиясына қосқан үлесі үшін" арнайы сыйлығымен марапатталды. Марапатты "Қазақфильм" киностудиясының президенті Ақан Сатаев алды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметі хабарлағандай,  А. Сатаев фестиваль ұйымдастырушыларына құрмет сыйлығы үшін алғыс айтқан.

Биыл алғаш рет өткен Korkut Ata Turkic World Film Festival кинофестиваліне 13 елден 42 кинокартина қатысты.

Фестиваль режиссер Ақан Сатаевтың "Томирис" тарихи картинасымен ашылды.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер