Оқушыны "указкамен" ұрған мұғалім жұмыстан шығарылды (ФОТО)

4322
Adyrna.kz Telegram

Самарқанд облысының Паярық ауданында математика пәнінің мұғалімі 8-сынып оқушысын соққыға жыққан. Артынша ол қызметінен босатылды. Бұл туралы жергілікті БАҚ мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Айтуынша, оқиға оқушы дәретханадан сыныпқа оралған кезде болған. Мұғалім 8-сынып оқушысын кешігіп келгені үшін аяғына ағаш көрсеткішпен ұрған. Нәтижесінде балада көгерген жерлер пайда болды.

Кейінірек Самарқанд облысы бойынша БҰҰ ұйымы жұмыс тобымен бірге оқушының анасының оқиғаға қатысты өтінішін зерделеді. Тергеу Паарық ауданында орналасқан №75 орта мектепте жүргізілді.

Атап өткендей, математика пәнінің мұғалімі Ш.Н. тәртіптік жазаға тартылды. Сонымен қатар, ол қызметінен босатылды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер