«Сырмақ шерткен сыр» шеберлік сағаты өтті

3829
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/07f5f8fe-f0b7-4c34-8fca-c6c19fe318fe.jpeg
Әдет-ғұрып және салт дәстүр орталығы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Сырмақ шерткен сыр» атты шеберлік сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты ұмыт бола бастаған көне дәстүрлерді жаңғырту, жүннен жасалатын бұйым түрлерін, киіз басу өнерін кеңінен насихаттау. Шеберлік сағатта қала тұрғындарына ұмыт бола бастаған қолөнеріміз - жүн сабау, жүн бояу, шүйкелеу, киіз басудың қыр-сыры көрсетілді. Шеберлік сағаттың бірінші күнінде әжелеріміз жүн сабау, жүн бояу, шүйкелеудің әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Шараға мәдениет мекемелері, “Үкілі”, “Көркем”, “Ақтілек” әжелер тобы, мектеп оқушылары қатысты. Шара екі күнге ұласады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер