Жаңа антирекорд: Ресейде бір күнде 1155 адам вирустан көз жұмды

15568
Adyrna.kz Telegram

Соңғы тәулікте Ресейде коронавирус инфекциясынан 1 155 адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Мәскеуде — 96, Санкт-Петербургте — 85 өлім жағдайы тіркелді.

Айта кетейік, Ресейде коронавирус құрбандарының жалпы саны 239 693 адамға жетті. Ресей Федерациясында пандемия басталғаннан бері COVID-19 8,5 миллионнан астам адамда анықталды, олардың 7,3 миллионы сауығып кетті, 1 996 569 науқас дәрігерлердің бақылауда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер