Ақтөбеде 13 жастағы қыз 20-қабаттан секіріп кетті

3682
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде он үш жастағы қыз бала 20-қабаттан секіріп, қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің айтуынша, қайғылы оқиға 11-шағын ауданда орналасқан 25 қабатты тұрғын үйде болған.

«Полиция 2008 жылы туған баланың мәйітін тапты. Жасөспірім жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды. Оқиғаның себептері анықталуда. ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлімі "Өз-өзіне қол салуға жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде»,- деді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер