Үндістандық 70 жастағы Дживунбен Рабари алғаш рет ана атанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
70 жасқа келген ерлі-зайыптылар ұзақ жылдар бойы бала сүйе алмай жүрген. Бұл олардың үлкен қуанышы. ЭКО-ның көмегімен балалы болды.
Әйел осы уақытқа дейін ешқандай құжатсыз жүрген. Топшалауынша, жасы 70-те. Ерлі-зайыптылар 45 жыл отасқан.
Дәрігер Нареш Бханушалидің айтуынша, мұндай жасқа келіп балалы болу қауіпті әрі керек еместігін жеткізген. Алайда жұп оны тыңдамаған.
"Туыстарымыздың ішінде де мұндай жағдай жиі кездеседі. Менің тәжірибемде ең сирек кездескен жағдай", – деп атап өтті дәрігер.
"Адырна" ұлттық порталы