Әліби туралы жаңа дерек: “Соқыр ішек” диагнозымен ота жасалған

6055
Adyrna.kz Telegram

Әділдік іздеген Әлібидің денсаулығына байланысты жаңа ақпарат шықты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Белгілі болғандай оған "соқыр ішек" диагнозымен ота жасалыпты. Бұл туралы Instagram-дағы ресми парақшада айтылды. Онда:

"Кеше Әлібидің әкесі ұлын көріп, сағынышын басып, бірақ ұлының болашағын жарқын етіп елестеткен бүгінгі “темір тордағы” күйі көңілін құлазытып, дәрменсіздік шарасы әкенің көңіліне қатты тиді… Әліби 5 күн бұрын “соқыр ішек” диагнозымен ауруханаға түсіп, ота жасатыпты. Жағдайы қазір жақсы екен…

Қазіргі уақытта Әлібидің ісіне қатысты ҚР Жоғары сотының @jogargy_sot жауабын күтіп отырмыз! Көптен күткен үмітіміз ақталар деген ниетіміз түзу… Бұл іс бойынша жұмыс тоқтамайды, әділетсіздікпен күресуді жалғастырамыз! Іс бойынша жұмыстар жандандырылып, жалғасын табатын болады" деп жазылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер