1800-ге жуық зейнеткерге шипажайға жоддама берілді

1631
Adyrna.kz Telegram

Биыл Шымкенттегі мүмкіндігі шектеулі жандар мен зейнеткерлерге шипажайға тегін 6000 жолдама беру жоспарланған. Бұл меженің бүгінде 1800-ге жуығы іске асты. Тұрғындарды қаладағы «Денсаулық, Түлкібас ауданының "Ақсу-Жабағылы" және Тараз қаласының "Айша бибі" шипажайларына жіберу ұйымдастырылуда.

Шымкент қаласында  82 821 зейнеткер бар.  Оның ішінде ҰОС ардагерлері – 20, тыл еңбеккерлері – 3 153. Сондай-ақ, "Алтын алқа" және "Күміс алқа"иегерлерінің саны - 10 667. Бүгінде 1748 жолдама зейнеткерлерге шипажайда ем қабылдауы үшін берілді.

Алтынай Нұрғали -Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасынының баспасөз хатшысы

Шипажайларға жолдама берілу жұмыстары мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылады.  Қазір пандемияға байланысты 2020 жылы өтінІш бергендер жіберіліп жатыр.

Жұпаркүл Қалдыбекова –Шымкент қаласының тұрғыны

Нұрқасым Омарбеков –Шымкент қаласының тұрғыны

Санаториялық-курорттық емдеу Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және оларға теңестірілген тұлғаларға, зейнеткерлік жастағы "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлеріне тегін беріледі. Ал, құрмет демалысына шыққандарға  жолдама құнының 50 пайызын төлеумен беріледі.

 

Д.Өмірзақова

Пікірлер