Қазақстандық файтер Архат Мыңбаев (5-6) Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza Fighting Championship 34 турниріне қатысты, деп хабарлайды "Адырна" сайтына Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Мыңбаев қырғызстандық Мелисбек Абдрахмановпен (5-9) жекпе-жекке шықты. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген, бірақ берілген шамаға созылған жоқ: Архат Мыңбаев қарсыласын екінші раундта ауыр нокаутқа түсірді.
Осылайша, Мыңбаев кәсіпқой мансабындағы ММА бойынша бесінші жеңісіне қол жеткізсе, Абдрахманов тоғызыншы жеңілісіне ұшырады.
View this post on Instagram
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар