Қазақстанда Huawei MatePad 11 жаңа планшетінің сатылымы басталды. Бұл Huawei-дің Harmony операциялық жүйесі бар Орталық Азия аумағында сатып алуға болатын алғашқы құрылғы. 10 қазанға дейін планшетті сатып алуға үлгергендердің барлығына сыйлық ретінде M-Pencil стилус қаламы мен сымсыз Smart Magnetic Keyboard магниттік пернетақта беріледі. Компания MatePad 11 осы құрылғылар жиынтығымен жұмыс істейтін ноутбукті толығымен алмастыра алатынына сенімді.
HUAWEI MatePad 11 Adreno 650 графикасы мен 6 ГБ жедел жады бар Qualcomm Snapdragon 865 сегіз ядролы процессормен жабдықталған. Бұл 120 Гц дейінгі жаңарту жылдамдығымен анимация мен қуатты аз тұтынатын динамикалық бейнені ойнатуға арналған бірінші Huawei планшеті. Қазақстанда планшет 64 ГБ және 128 ГБ екі нұсқада ұсынылған.
Қазақстан және Орталық Азиядағы Huawei Device директоры Фан Джинйонг былай дейді:
«Harmony операциялық жүйесіндегі MatePad 11 - бұл қазақстандық қолданушылардың тәжірибесіндегі жаңа қадам. Біз жұмысқа, шығармашылыққа, ойнауға және оқуға арналған серпінді өніммен мақтанамыз. Әрине, Huawei-дің жаңа ұсынысы біздің дизайнерлердің, бағдарламашылар мен инженерлердің технологиялық данышпандығының шыңы болып табылады».
Harmony OS жабдықтық шектеулерден асып түседі және бір уақытта көптеген құрылғылармен өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Huawei операциялық жүйесі apk форматындағы барлық дерлік қосымшалардың жұмысын қолдайды. Harmony OS ашық көзі таратылған және тек мобильді құрылғылармен ғана емес, сонымен қатар «ақылды үй жүйелері», «ақылды кеңсе» және басқа экожүйелермен біріктірілген.
HUAWEI MatePad 11 Harman Kardon-мен бірлесіп жасалған қуатты стерео жүйеге ие. Төрт жоғары амплитудалы динамиктер көлемді, шынайы дыбысты қамтамасыз етеді, ал Histen 7.0 технологиясы бассты күшейтуге және дыбыс ауқымын кеңейтуге жауапты. Сонымен қатар, планшет төрт микрофонмен жабдықталған. Олар тіпті шулы бөлмелерде және қатты желде бейне қоңыраулар жасауға және жайлы сөйлесуге мүмкіндік береді.
Шығармашылық үшін өте қолайлы
MatePad 11 келуімен бір мезгілде Huawei жаңа M-Pencil-ді ұсынды. Бұл қалам өте төмен кідіріс арқасында әсерлі қолжазба мен сурет дәлдігін береді. Сіз жаңа цифрлық дисплеймен жазбалар жазсаңыз да, шығармашылықпен айналыссаңыз да, M-Pencil 3 түрлі тәртіп арасында ауысуды жеңілдетеді - қылқаламды, өшіргішті, бояғышты немесе құралдарды таңдау үшін екі рет түрту қажет. Қаламнан басқа, планшет магниттік пернетақта мен компьютерлік тышқанды қолдайды.
Операциялық жүйе
Harmony OS әр түрлі жағдайларда құрылғылармен өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. Қайта өңделген төменгі қондырма жұмыс үстелі жиі қолданылатын және жақында ашылған қосымшаларға қол жеткізуді жылдамдатады. Интерфейсті реттеу үшін пайдалы ақпаратты көрсететін виджеттер бар. Олар сізге тиісті қосымшаларды ашпай-ақ, еске салғыш жазбалар, алдағы күнтізбе оқиғалары, ауа райы болжамдары, ноутбуктегі жазбаларды және тағы басқаларын жұмыс үстелінде көруге мүмкіндік береді. Пайдаланушы өзінің жұмыс үстелін құру арқылы сыртқы келбеті мен өлшемін реттей алады.
Жаңа операциялық жүйеде дербес деректердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Өндірістегі қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейі бар TEE (Trusted Execution Environment) сертификаты жабдық деңгейінде қорғауды қамтамасыз етеді
HUAWEI Consumer Business Group туралы:
HUAWEI өнімдері мен қызметтері 170-тен астам елде қолжетімді, ғаламшардың үштен бір халқы пайдаланады. Компания АҚШ, Германия, Швеция, Ресей, Үндістан және Қытай сияқты мемлекеттерде 14 ғылыми-зерттеу орталығын ашты. HUAWEI Consumer BG — смартфондарды, ноутбуктар мен планшеттерді, тасымалдайтын электрониканы, мобильді кеңжолақты кіру құрылғыларын, үйге арналған шешімдерді, сондай-ақ бұлттағы қызметтерді әзірлеумен және өндірумен айналысатын HUAWEI компаниясының үш бизнес бөлімшелерінің бірі болып табылады. HUAWEI ғаламдық желісінің артықшылықтары, дүние жүзіндегі операциялық қызметтерінің көлемі және дамыған серіктестік желісі телекоммуникация саласындағы 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесінің негізінде құрылған.
БАҚ үшін ақпарат:
Кирилл Чорней
Қазақстандағы HUAWEI Consumer Business Group PR менеджері
(E) kirill.chorney@huawei.com
Газиза Узак
«SPN Communications» PR-агенттігі
(E) g.uzak@spncomms.com