Әділ Ахметовтің кітабы түрік тіліне аударылды

1902
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет және қоғам қайраткері Әділ Ахметовтің «Бұрынғы америкалық «үндістердің» алтайлық тегі» атты ғылыми еңбегі түрік тілінде жарық көрді. Порталымыздың тілшісі автормен тілдесіп, кітап туралы сұрап білді.

«Бүгін Түркия елшілігінен сүйінші хабар келді. Қазақ тілінде жарық көрген еңбегім түрік тіліне аударылыпты. Кітап осыдан 40 мың жыл бұрын Беренг бұғазы пайда болмай тұрған кезде Алтайдан Америкаға өткен түркі ата-бабаларымыз туралы сыр шертеді. 40 мың жыл өтсе де, тіл отқа салса күймейді, суға салса батпайды. Үндістерде екі мыңнан астам тіл бар. Бірақ соның ішінде жазу-сызуы бар Майялардың тілінде 360-тай сөз таптым. Бұл ақпарат кітапта бар. Америкалық үнділер ырым-тыйымдары ұқсас келеді, өйткені біздерден кеткен ғой. Еңбегіме оны да енгіздім»,– деді ғалым.

Айта кетейік, автор бұл кітапты жазу үшін 30 жыл бойы ізденген.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер