1 қыркүйек күні сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Жолдауда елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылмақ.
«Адырна» ұлттық порталы