Қазақстандық дзюдошы Әнуар Сариев 2020 жылы Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
60 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз жартылай финалда колумбиялық Маркос Деннис Бланконы жеңді.
Ақтық сында Әнуар Сариев әзірбайжандық Вугар Ширинлимен кездеседі.
«Адырна» ұлттық порталы