Бір күнде 140 адам ковидтан көз жұмды

3508
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/9ffb2c84-5915-4093-900b-6772d8d5141c.jpeg

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте індеттен 141 адам қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бір тәулікте коронавирустан 115 науқас, COVID-19 белгілері бар пневмониядан 26 пациент көз жұмған.

Пандемия басталғалы бері елде 761 249 адам вирус жұқтырды, 8 758 адам коронавирустың құрбаны болды.

Пневмония 68 675 адамда анықталды, 4 315 адам қайтыс болды.

26 тамыздағы мәлімет бойынша, республикада 117 566 адам коронавирус инфекциясынан (–111 242 + және 6 324 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 27 244 пациент стационарда, 90 322 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Індетке шалдыққандардың арасында 1 857 адамның жағдайы ауыр, 516 пациент хәл үстінде, 208 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Пікірлер