Коронавирус қоздыратын «Кавасаки» синдромына балалар жиі ұшырауда

4554
Adyrna.kz Telegram

Коронавирус қоздыратын «Кавасаки» синдромына балалар жиі ұшырауда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Бұрын-соңды естімеген дертке елімізде биыл 30-ға жуық бала шалдыққан. Күні кеше шымкенттік 5 жасар бүлдіршін аталған аурудың қармағына ілініпті. Ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Сандарға сенсек, биыл 28 бүлдіршіннен белгісіз дерт анықталған. Оның үшеуі қайғылы жағдаймен аяқталыпты.

Әлі толық зерттелмеген "Кавасаки" тәрізді синдромның негізгі белгілері дәрігерлердің сөзінше, ең әуелі балада 2-3 күн дене қызу көтеріледі, аяқ-қолдарында бөртпелер пайда болады. Одан қалды, әлсіздік байқалып, көзі іріңдеп, қабынуы мүмкін.

"Кавасаки" дегеніміз - вирус тудыратын ауру. Қазіргі кезде жиілеп кетті. Алғашқы белгілері температура, қызуды басу көнбейді, ұзақ уақыт сақталады. 39-40 градус" дейді педиатр-дәрігер Сымбат Мұратова.

Шымкентте әбден әлсіреген, денесі бөрткен, буындары ауырған 5 жасар бүлдіршін тамыз айының басында ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Дәрігерлер оның өмірмен екі апта арпалысқанын айтады. Абырой болғанда, бала құлан-таза айығып шығыпты.

Қалалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, Қаламқас Даумбаева:

"Шілде айының 30-да науқас бала, 5 жасар науқас ауруханада жатты. Шағымы - температура көтерілуі, буындарының ісуі, бөртпелер шығуы, әлсіздігі, тәбетінің төмендігі. Бала бес күн реанимацияда болды, дер кезінде арқасында жағдайы жақсаруымен болды"дейді.

Мамандардың сөзінше, "Кавасаки" синдромын тек коронавирус қана емес, өзге де инфекциялар қоздыруы мүмкін.  Сондай-ақ, естімеген дертке көбіне 2-7 жастағы балалар жиі шалдығады екен.

"Балада қосымша белгілі ауру болса, созылмалы аурулары болса, асқынады. Бұрыннан келе жатқан ауру. Бірақ өте сирек кездеседі. Себептері де әртүрлі. Қазір жиі кездесетіні - "Кавасаки синдромы" деді Сымбат Мұратова.

Қысқасы, бұл вирус иммунитеті мықты, дұрыс тамақтанатын балаларға жоламайды. Сол себепті, жеткіншектерді қолды жиі жуып жүруге, бетперде тағуға баулып, таза ауада серуендету керек. Вирусолог мамандардың кеңесі осындай.

Толығырақ  бейнематериалда:

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер