Ауғанстанның Желалабад қаласында Ұлттық туды қолдап, оны қорлауға жол бермейміз деп шеруге шыққан бейбіт тұрғындарға Талибан радикалды қозғалсының өкілдері оқ жаудырды.
Сондағы бар болғаны, мемлекеттік ұлттық тудың қорлағанын айтқаны үшін тәліптер жергілікті тұрғындардан осылай өшін алған. Қанша адамның қаз болғаны қазіргі белгісіз. Қаза болғандардың арасында журналисттердің де бары анықталды.
15-ші тамыз күні Талибан радикалды қозғалысы Кабулге кіріп, билікті толық басып алып, президент сарайына өздерінің туын қадаған еді. Енді елдің ұлттық құндылықтарын біртіндеп жойып, қарсы шыққан бейбіт тұрғындарға да аяушылық білдіретін түрі жоқ.
Кабулды Талибан қозғалысы басып алғаннан кейін ел президенті Ашраф Ғани елді тастап қашып кетті. Президент кеткеннен кейін елде жаппай хаос басталды. Тұрғындардың көп бөлігі шекара асып, қашты. Кабулды басып алған Талибан радикалды қозғалысының өкілдері бірнеше рет пресс-конференция өткізіп, мәлімдемелер жасады.
Өздерінің мәлімдемелерінде Талибан қозғалысының өкілдері болашақта Ауғанстанды өркениетті елдердің қатарына қосамыз деп уәде беріп жатыр.
"Адырна" ұлттық порталы