А.Мамин: Мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға дейін аяқтау қажет

2542
Adyrna.kz Telegram

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мұғалімдерге 25 тамызға дейін толық вакцинациядан өту қажеттігін мәлімдеді. Бұл туралы ол бүгін өткен Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Премьер-министр осылайша оқу орындарының дайындығын бақылауды күшейте алатынымызды алға тартты.

«Қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Оқу жылына дайындық аясында мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға қарай аяқтау қажет»,— деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер