Өткен тәулікте Ресейде 819 адам коронавирустан қайтыс болған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Осылайша Ресейде коронавирустан күнделікті өлім рекорды үшінші күн қатарынан жаңартылып отыр. Бейсенбіде 808 адам қайтыс болса, кеше 815 тұрғын көз жұмған.
Өлім деректерінің көпшілігі Мәскеуде (57) және Санкт -Петербургте (48) тіркелген.
Ресейде коронавирустан көз жұмғандардың жалпы саны 169 683 адамға жеткен.
Ал жалпы Ресей Федерациясында пандемия басталғалы 6,5 миллионнан астам адамнан COVID-19 анықталған. Оның 5,8 миллионы сауығып шықса, 1 247 530 науқас дәрігерлердің бақылауында.
"Адырна" ұлттық порталы.